Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Қарағандыда қала көшелерін жөндеуге бөлінген екі миллиард теңгеден аса қаражат ұрланды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы бөлімінің жауапты қызметкерлері «Қарағанды қаласының көлік және автомобиль жолдары» мекемесі бюджет қаражатының ұрлануына әкеліп соқтырған іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойғаны анықталды.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024