Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Әбілқайыр Сқақов ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бүгін тағайындау туралы бұйрыққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.
Білімі: Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (экономист және қаржыгер, 2000); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (бакалавр-заңгер, 2004); Мәскеу қ., М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ("Master of Business Administration" іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017).
Мемлекеттік қызметте тәжірибесі (24 жыл), оның ішінде басшылық лауазымдарда 15 жыл:
1995 жылдан 2005 жылға дейін - Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;
2005-2006 жылдары-Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;
2006-2008 жылдары-Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);
2008-2010 жылдары-Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;
2010-2012 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;
2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;
2014 жылдан 2016 жылға дейін-Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды (экономика және қаржы бойынша).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024