Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қасым хан» тарихи сериалына кастинг жалғасып жатыр

«Қасым хан» тарихи сериалына кастинг жалғасып жатыр

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – «Қазақфильм»  киностудиясында «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. 

«Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде  күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында республикалық кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады»,деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы бандайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұрғыл» сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.  

Похожие материалы