Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – «Қазақфильм» киностудиясында «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр.
«Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында республикалық кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады», - деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.
Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы бандайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұрғыл» сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.