Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы QAZAQ AIR ұшақтарымен 307 мыңнан астам жолаушы сапар шеккен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Qazaq Air баспасөз қызметі осындай деректерді ұсынды.
Сонымен қатар, 2018 жылғы рейстер саны 5447 жетіп, оларды уақытылы орындау көрсеткіші 81%-дан асты. Әуе кеме тиелімі коэфиценті 72% жоғары болды.
«Егер де 2017 жылы күрт өскен жолаушылар санын Халықаралық EXPO-2017 көрмесімен байланыстыруға келетін болса, өткен жылы аймақтық әуекомпания ұшақтарын таңдайтын адамдар саны біршама өскен және де олардың көбісі жиі сапар шегетін қазақстандықтар мен ел қонақтары», – деді «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, коммерциялық директоры Адель Дәулетбек.
Өткен жылы әуе компаниясы үшін елеулі оқиғалардың бірі IATA әуе транспортының халықаралық қауымдастығы паудаланушы қауіпсіздігі бойынша IOSA аудитінен сәтті өтіп, қауіпсіздік бойынша әлемдік стандарттарға сәйкестігін дәлелдеуі болды.
Qazaq Air 2019 жылы әуекомпания флотындағы Bombardier Q400 NextGen ұшақтарына осы типтес екі жаңа әуелайнер қосуды жоспарлап отыр. Bombardier Q400 NextGen - жолаушылар салонында шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, кең отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар, жүк салатын кең сөрелер мен жарқын светодиодты жарық жүйесімен жабдықталған заманауи жаңа ғасырдың әуеллайнері.