Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

QAZAQ  AIR Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс ашады

QAZAQ  AIR  Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс ашады

Алматы. 21 тамыз. 7kun.kz - QAZAQ AIR әуекомпаниясы 3 қыркүйектен бастап Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашатыны туралы хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша Астанадан Атырауға ұшу билетінің құны алымдарымен қоса есептегенде 20 055 теңгені құраса, ұшу уақыты 1 сағат 55 минутты құрайтын Астана – Ақтөбе бағыты бойынша, алымдармен қоса есептегенде 15 766 теңгені құрайды.

«QAZAQ AIR әуекомпаниясының басты мақсаты – аймақтарды байланыстыру. Сол себепті бұдан былай Шымкент пен Атыраудан Ақтөбеге қатынап жүрген рейстерге қоса, Астана – Ақтөбе – Атырау бағыты бойынша қатынайтын жаңа бағдар туралы қуана хабарлаймыз. Ақтөбе – Батыс Қазақстанның маңызды қалаларының бірі екендігін атап, оның географиялық тұрғыдан өте қолайлы орналасқан мекен екендігін ерекше айтып кетуді жөн көріп отырмыз. Себебі бұл қала арқылы ақтөбеліктер ғана емес, мұнай астанасының тұрғындары да қол жетімді бағаға Астанаға оңайлықпен жете алады» – деді QAZAQ AIR әуекомпаниясының коммерциялық директоры Адель Даулетбек.

Похожие материалы