- салымдарды қабылдау, жеке және заңды тұлғаларға шот ашу және оны жүргізу;
- жекеленген банк қызметтерін өндіретін банктер және ұйымдардың корреспондеттік шоттарын ашу және оны жүргізу;
- кассалық операциялар;
- аударым операциялары (жеке және заңды тұлғалардың аударым жөніндегі тапсырмаларын орындау);
- несие бойынша операциялар;
- құжаттамалау операциялары (аккредитивтер, кепілдіктер, үшінші тұлғалар үшін кепілгерлік);
- шетелдік валюта айырбастау операцияларын жүргізу;
- меншіктік құнды қағаздардың эмиссиясы, факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізу;
- вексель және басқа да борыштық міндеттемелерді есептеу (дисконт);
- лизингтік қызметті жүзеге асыру;
- клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет көрсету.
«Qazaq Banki» акционерлік қоғамы заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған коммерциялық банк болып табылады. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.
Банктің тарихы
3 Тамыз 1993 –Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде "Сенім банк" акционерлік қоғамы тіркелді.
1997 –Банк шетел валютасымен операцияларын жүзеге асыруға толық банктік лицензиясын алды.
1998 – Банк S.W.I.F.T. қатысушыларының құрамына кірді. (Worldwide Interbank Financial Telecommunications Society)
2000 – Банк Western Union халықаралық аударымдар жүйесінде қосалқы агенті болып табылады.
2003 –Банк Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру Қорының мүшесі болды.
2006 – Қазақстан Республикасының кредиттік тарихтардың ақпараттық жүйесінің («Бірінші кредиттік бюро» ЖШС) қатысушысы болды.
2009 – Банк аймақтық банк ретінде қайта тіркеуден табысты өтті, Алматы қалалық филиалын ашты.
2010 – Қаскелең, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз қалаларында филиалдар ашылды.
2011 – Банк меншікті капиталы ұлғайды.
2012 – Банк меншікті капиталдың мөлшерін ұлғайту шараларын сәтті атқарды, 15.06.2012 жылғы жағдай бойынша қадағалаушының талаптары орындалды.
2012 – Астана, Шымкент қалаларында банктің филиалдары ашылды.
2012 – Алматы қалалық филиалы Алматы қ., Фурманов к., 279 мекен жайы бойынша орналасқан меншік ғимаратына көшті.
2012 – Қарағанды, Жамбыл облыстарында халыққа қызмет көрсету Орталығының ғимартаттарында 5 құрылымдылық бөлімшелерін ашты.
2013 – Банк «Бизнестің жол картасы-2020»бағдарламасының қатысушысы болды
2013 –Банктің Алматы қаласында қосымша бөлімшелер ашылды.
Желтоқсан 2013 – Ақтөбе мен Шымкент қалаларындағы филиалдары орын ауыстырды
Қазан 2013 – Алматыдағы Дархан ықшам ауданында бөлімше ашылды.
Қыркүйек 2013 – Алматыда Жол Полициясы ғимараттарында банктің 2 бөлімшесі ашылды.
12 Шілде 2013 – "Сенім банк" АҚ «Qazaq Banki» АҚ ретінде ресми тіркеліп, ребрендинг кампаниясын бастады.
Желтоқсан 2014 – 25.12.2014 жылы Банк және өзге операцияларын жүзеге асыру және бағалы қағаздар нарығындағы қызметке берілген №1.2.204/37 Лицензия қайта рәсімделді
Желтоқсан 2014 – Алматы облысында - Өтеген батыр кентінде филиал бөлімшесінің ашылуы
Мамыр 2014 – Банктің жарғылық капиталы 11,1 млрд теңге болды.
Сәуір 2014 – Алматы облысы Қаскелең қаласындағы филиалының жаңа бөлімесі ашылды
Ақпан 2014 – Астана қаласы филиалы орын ауыстырды.
Қаңтар 2015 – Алматы қаласы Абай даңғылы Б.Шолақ атындағы спорт Сарайы ғимаратында Qazaq Banki АҚ жаңа бөлімшесінің ашылуы
Қараша 2015 – Алматы қаласы Самал-2 ықшам ауданы,111-үй , 1-қабат, «Galmart» супермаркетінің қарсысында
Маусым 2015 – Алматы қаласы Достық даңғылы, 36 бөлімше ашылуы
Ақпан 2015 – Алматы қаласы Чайковский көшесі, 149 Абай даңғылы қиылысында VIP бөлімше ашылуы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024