Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Жарысқа барлығы 36 елден 170 ойыншы қатысады. 17 пән бойынша 99 медаль жиынтығы ойнатылады. Шахмат турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен осы ойынның 16 мықты өкілі қатысады, - деп хабарлайды Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының баспасөз қызметі.
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 2018-2019 жылдардағы шахмат турнирлерінің қорытындысы бойынша іріктеу өткізді және алғаш рет қазақстандық Жансая Әбдімәлік осы элиталық турнирде ойнауға құқылы болды.
Бірінші Дүниежүзілік зияткерлік ойындары 2008 жылы Пекинде өтті, және Дүниежүзілік зияткерлік ойындардың ашылғанына 10 жыл ішінде оған әлемнің барлық танымал шахматшылары қатысты.
Ерлер арасында: Анатолий Карпов, Сергей Карякин, Хикару Накамура, Левон Аронян, Александр Грищук, Аниш Гири, Шахрияр Мамедьяров және басқалар.
Әйелдер арасында: Хоу Ифань, Джу Вендзуй, Хампи Конеру, Александра Костенюк, Анна и Мария Музычук, Катерина Лагно, Антоанета Стефанова және көптеген басқа да ойыншылар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024