Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның әуежайлары шамамен 16 млн жолаушыға қызмет көрсетеді, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"2019 жылдың 10 айында 14,8 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Осы жылдың қорытындысы бойынша 16 млн жолаушыға жетеді деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылы отандық әуежайлар 15 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте ішкі рейстерді 9 млн жолаушы, халықаралық рейстерді 6 млн адам таңдаған. Осылайша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 6,6%-ға өседі деп күтіледі.
«Жыл сайын қызмет көрсетілетін жолаушылар санының өсуі шамамен 10%-ды құрайды. 11 отандық әуежайда енгізілген "ашық аспан" режимін ескере отырып, LOT Polish Airlines (Польша), Air Asia (Малайзия), "Белавиа" (Белоруссия), Jazeera Airways (Кувейт) және Salam Air (Оман) авиакомпаниялары жаңа рейстерді ашады деп күтіліп отыр. 2020 жылдан бастап жаңа рейстердің ашылуы жолаушылар ағынының үдемелі өсуін жалғастыруға және дамудың оң динамикасын сақтауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлікте.
Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап Қазақстан шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін елдің он бір әуежайында үш жылға арналған «ашық аспан» режимін енгізді. Режим рейстер саны бойынша шектеулерді алып тастауды көздейді және шетелдік авиакомпанияларға қазақстандық тасымалдаушылар жүзеге асырмайтын бағыттар бойынша "ауа еркіндігі" бесінші дәрежесін береді. "Ашық аспан" режимінің қолданылу мерзімі болашақта ұзартылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024