Қазақстан Ауғанстанның Кабул қаласында сауда үйін ашты. Қазақстанның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтың сөзінше, қазақстандық өнеркәсіп иелері осы сауда үйі арқылы мемлекетте имортталатын азық-түлік тауарларының баламасын құра алады. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Отандық тауар өндірушілер мемлекеттің "Ауғанстан Экспо Центр" деп аталатын ең ірі сауда-көрме павильонында өздерінің жекеменшік өнімдерін тегін қоя алады. Павильон өкілдері жергілікті нарықта қазақстандық өндірушілермен серіктес болуға дайын. Сондай-ақ, жеке стендте кәсіпкерлер өздерінің өнімдерінің ерекшеліктері мен Ауғанстан нарығындағы сауда жөнінде ақпарат қалдыра алады", - деді жаңа сауда нысаны туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мейірбек Мәжитов.
Айта кетейік, 2015 жылғы нәтиже бойынша Ауғанстаннан Қазақстанға 3 млн доллар көлеміндегі тауар импортталды. Ал Қазақстан Ауғанстанға 333 млн доллардың өнімін экспорттады.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024