Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы жақын арада 1 миллиард долларға жетуі мүмкін

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы жақын арада  1 миллиард долларға жетуі мүмкін

Нұр-Сұлтан. 24 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан мен Әзірбайжан үкіметтері жақын арада өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізуі керек. Бұл туралы Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады баспасөз қызметі.  

«Соңғы жылдары тауар айналымының айтарлықтай, үш есеге жуық өскеніне қуаныштымын.Бірақ бұл, әрине, тоқмейілсуге негіз емес екенін атап өткім келеді, мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндіктер бар деп есептеймін. «Біздің елдердің үкіметтері жақын арада елдеріміз арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуымыз үшін жұмыс істеуі керек», - деді Тоқаев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бағытта сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге, Қазақстан мен Әзірбайжан сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Похожие материалы