Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды
Астана. 10 қазан. 7kun.kz – 10 қазанда Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев Қазақстан президенті сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Талғат Ерғалиев 1966 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Агротехникалық университетті инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Ленин жолы» кеңшарында механизатор болып бастаған. Сонымен қатар ҚазАТУ-дың ОҚПУ факультетінің оқытушысы, декан орынбасары қызметтерін атқарды. Ол сауда компаниясының директоры болған. Қарашығанақ кен орнында құрылыста түрлі қызметтер атқарған.
2002-2003 жылдары МКҚК «Біржолғы талондар беру орталығының» директоры болды.
2003-2004 жылдары «Металлстройсервис» ЖШС директоры болды.
2004 жылы құрылыс компаниясында жоба жетекшісі болды.
2007-2010 жылдары құрылыс компаниясының басшысы болды.
2010 жылдан бері «Қазақстан құрылысшылар одағы» ROYL төрағасы.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024