Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан 2019 жылы Әзербайжан арқылы мұнай мен газ транзиті мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Әзербайжан Республикасының Энергетика министрлігі.
Ведомствода түсіндіргендей, Қазақстан – Әзірбайжан елдерінің қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін Әзербайжан аумағы арқылы транзиті жөніндегі жұмыс тобының отырысында тараптар Қазақстанда өндірілген сұйылтылған табиғи газды Каспий теңізі бойынша Әзербайжанға жеткізу және тасымалдауды талқылаған.
«Қашаған кен орнында өндірілетін мұнай болашақта Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыр желісі арқылы тасымалданатын болады», - деді Қазақстандағы энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар ұсыныс жасалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024