Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдамақ

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдамақ

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан 2019 жылы Әзербайжан арқылы мұнай мен газ транзиті мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Әзербайжан Республикасының Энергетика министрлігі.

Ведомствода түсіндіргендей, Қазақстан – Әзірбайжан елдерінің қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін Әзербайжан аумағы арқылы транзиті жөніндегі жұмыс тобының отырысында тараптар Қазақстанда өндірілген сұйылтылған табиғи газды Каспий теңізі бойынша Әзербайжанға жеткізу және тасымалдауды талқылаған.

«Қашаған кен орнында өндірілетін мұнай болашақта Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыр желісі арқылы тасымалданатын болады», - деді Қазақстандағы энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар ұсыныс жасалды.

Похожие материалы