Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын бірінші қазақстандық мультимедиалық арна – Atameken business channel өз жұмысын бастады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.
«Жаңа медиа-ресурстың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, бизнесмендерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату мемлекеттік және орыс тілдерінде жүреді», – деді бизнес арнаның бас директоры Юлия Валиахметова.
Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, өз уақытын бағалайтын және объективті ақпаратты жедел алуды қалайтын прагматик адамдар, жаңа технологияларға және девайстарға қызығатындар.
Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астанадан және Алматыдан бірдей хабар тарататын болады. «IBS» және Almaty Tower бизнес-орталықтарында жаңа тұрпатты екі жоғарытехнологиялық телестудия қызмет атқарады. Студиялар виртуалды алаңдар режимінде ORAD бағдарламасындағы қосымша нақтылықты қолдану мүмкіндігімен жұмыс істейді.
Atameken business channel арнасының басты ақпараттық серіктестері – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, THOMSON REUTERS – сараптамалық ақпараттың, ақпараттық шешімдердің және бизнеске арналған мәліметтер базасының көшбасшы жеткізушісі, KASE – Қазақстан қор биржасы.
Бағдарламалардың жүргізушілері тек кәсіпқой журналистер ғана емес, сонымен бірге экономика және қаражат, өнеркәсіп, өндіріс пен нарық саласындағы сарапшылар және де кәсіпкерлер бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024