Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын арна ашылды

Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын арна ашылды

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын бірінші қазақстандық мультимедиалық арна – Atameken business channel өз жұмысын бастады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа медиа-ресурстың басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, бизнесмендерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті шынайы әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату мемлекеттік және орыс тілдерінде жүреді», – деді бизнес арнаның бас директоры Юлия Валиахметова.

Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, өз уақытын бағалайтын және объективті ақпаратты жедел алуды қалайтын прагматик адамдар, жаңа технологияларға және девайстарға қызығатындар.

Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астанадан және Алматыдан бірдей хабар  тарататын болады. «IBS» және  Almaty Tower бизнес-орталықтарында жаңа тұрпатты екі жоғарытехнологиялық телестудия қызмет атқарады. Студиялар виртуалды алаңдар режимінде ORAD бағдарламасындағы қосымша нақтылықты қолдану мүмкіндігімен жұмыс істейді.

Atameken business channel арнасының басты ақпараттық серіктестері – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, THOMSON REUTERS – сараптамалық ақпараттың, ақпараттық шешімдердің және бизнеске арналған мәліметтер базасының көшбасшы жеткізушісі, KASE – Қазақстан қор биржасы.

Бағдарламалардың жүргізушілері тек кәсіпқой журналистер ғана емес, сонымен бірге экономика және қаражат, өнеркәсіп, өндіріс пен нарық саласындағы сарапшылар және де кәсіпкерлер бар.

Похожие материалы