Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, атап айтқанда, кәсіпкерлік бастаманы дамытуды ынталандыру және бизнес-ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Осылайша, бизнеске көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін бағалау мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларға талдау жүргізіледі. Нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелерін ескере отырып, жаңа тәсілдер әзірленеді.
Ағымдағы жылы "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады, оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғастырылады. Заңнамаға жаңа нормалардың қолданылуының "өтпелі кезеңі" және "адалдық презумпциясы" қағидаты енгізіледі. Сондай-ақ негізгі тауар нарықтарындағы жағдайға талдау жүргізіледі және бәсекелестік үшін кедергілерді жою және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу жөніндегі жол картасы әзірленеді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бюджет қаражатын пайдалануға жауапкершілігі мен есеп беруін арттыруға ерекше назар аударылады. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ тиімсіз имидждік шығыстарды болдырмауға бағытталған шаралар кешені әзірлене
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024