Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанда электромобильдерге сұраныс 3,5 есе азайды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» - Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары одағында хабарлады.
2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша полиция барлық түрдегі 826 101 автокөлік құралын есепке алды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 12,3%-ға жоғары. Оның ішінде 770 640 көліктің иесі ауысқандықтан қайта тіркеуден өтті, бұл бір жылдық көрсеткіштен 11,5%-ға артық (691 084 бірлік). Алғаш рет тіркелген көліктердің үлесі 55 461 бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы ұқсас көрсеткіштен 24,8%-ға көп.
2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша есепке қойылған көлік құралдарының саны 122 873 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,1% артық. Олардың ішінде 113 772 данасы қайталама нарықтағы қайта сатылымға тиесілі (2018 жылдың шілдесіне + 6,9%).
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында электр тартымымен 11 жеңіл автокөлік тіркелген. Өткен жылы елде тіркелген электромобильдердің саны - 39.
2019 жылдың басынан бастап қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екісінен астамы (69,9%) 10 жастан асқан техниканы құрады. Ең үлкен үлеске 20 жастан асқан көлік құралдары (42,3% немесе 325 806 бірлік) ие болды, 11 жастан 20 жасқа дейін - 27,6% (212 493 бірлік), 4 жылдан 7 жылға дейін - 20,3% (156 083 бірлік), 8 жастан 10 жасқа дейін - 5,9% (45 840 бірлік), 1 жастан 3 жасқа дейін - 3,5% (26 980 бірлік), 1 жастан кіші - 0,4% (3438 бірлік).
Автомобильдер нарығындағы мәмілелер серпіні отандық автопарктің жоспарлы қартаю үрдісін көрсетеді. Осылайша, 20 жылдан асқан көлік құралдарының қайталама нарықтағы сатылымдағы үлесі 2018 жылғы қаңтар-шілдедегі 39,6%-дан есепті кезеңде 42,3%-ға дейін өсті, ал 1-ден 3 жасқа дейінгі көлік құралдарының үлесі 4,5%-дан 3,5%-ға дейін қысқарды.
Қарастырылып отырған кезеңде қайталама тіркеулердің ең көп саны Алматы облысында (118 904 авто), Алматы қаласында (94 165 авто) және Түркістан облысында (70 684 авто) тіркелді. Алматы облысының тұрғындары 20 жастан асқан (68 314 авто; 21%) көлік құралдарының ең көп санын тіркеді. Одан кейін Түркістан облысы(34 876 авто; 10,7%) және Алматы қаласы (27 642 авто; 8,5%) орналасқан.
Бір жылдан кіші көлік құралдарының ең көп саны Алматыда (815 авто; 23,7%), Нұр-Сұлтанда (378 авто; 11,0%) және Атырау облысында (369 авто; 10,7%) қайта тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024