Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов билік автокөліктерден, трансформаторлар мен кабельдерден басқа, шетелдік машина жасау өнімдерін мемлекеттік сатып алуға тыйым салу мүмкіндігін қарастыратынын хабарлады.
"Өткен аптада ұлттық режимнен алып тастауларды орнату бойынша Үкімет Қаулысы қабылданды, оған автомобильдер, трансформаторлар мен кабельдер кірді. Яғни, біздің үш Ассоциациямыз осы өнім түрлері бойынша ұлттық режимнен алып тастау туралы ұсыныс жасады", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Вице-министр қаулы мемлекеттің жоғарыда аталған машина жасау өнімдерін - трансформаторларды, кабельдерді және автомобильдерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде екі жылдық шектеу қойылатынын атап өтті, яғни мемлекеттік сатып алу кезінде тек отандық өнім ғана сатып алынады.
«Әрине … біз осы салалардағы кәсіпорындардың дамуын күтеміз», - деді Ержанов.
Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар қазір "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком"АҚ іске асырып жатқан 250 адамнан астам халқы бар ауылдық елді мекендерді интернетке қосу аясында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін өз өнімдерін жеткізуге қатыса алады.
«Бізде Қарағандыда, Павлодарда, Атырауда ашылған жаңа кәсіпорындарға өз өнімдерін дәл қазіргі уақытта «Қазақтелеком» жүзеге асыратын талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін сата алатындай мүмкіндіктер бар. Бұған дейін импорттық өнімдер сатып алынған. Әрине, трансформаторлар мен автомобильдерге қатысты жағдай бірдей болады », - деді вице-министр.
Ол ұлттық режимнен алып тастауды орнату мүмкіндігі бұрын да болғанын, алайда осы уақытқа дейін Қазақстан оны пайдаланбағанын еске салды. Енді тиісті салалық қауымдастықтармен және одақтармен келіссөздер жүргізу шартымен ұқсас шаралар өнімнің басқа түрлері бойынша да белгіленуі мүмкін, бұл өндірістерді дамыту үшін жағдай жасайды.
"Біз бұрын пайдаланбаған, ұлттық режимнен алып тастауды енгіздік. Бұл кабель саласының өнімдері, трансформаторлар мен жеңіл автомобильдер үшін. Бұл, әрине, осы сала кәсіпорындарындағы жергілікті қамту үлесін арттыру үшін жақсы негіз болады. Біз қазір министрлікпен бірлесе отырып, ұлттық режимнен алып тастауға болатын машина жасау өнімдерінің басқа да түрлерін талқылап жатырмыз", – деді Ержанов.
Жаңа өнім түрлері бойынша да екі жылға алып тастау жоспарланған.
"Екі жыл, менің ойымша, бұл өнімді шығаратын кәсіпорындар үшін жақсы дамуға мүмкіндік береді", - деді вице-министр.
Жалпы, үкімет, вице-министрдің айтуынша, машина жасауда ғана емес, экономиканың барлық салаларында жергілікті қамту үлесі өсуі үшін жұмыс жүргізуде.
«Біздің өз өндірісіміз болмаса, бүгінде ол әлсіз болсын, оның көмегінсіз біз ешқашан өз өнімдерімізді ала алмаймыз. Кейбір әріптестерім «біз - Қазақстандамыз, жоғары технологиялық өнімді шығара алмаймыз, оларды шетелден сатып алған дұрыс" десе, мен әрқашан мынадай жауап беремін: "бұл өндірісті елде ретке келтірген әлдеқайда жақсы". Ол әзірше сапасы жағынан Батыс Еуропа сияқты болмауы мүмкін, бірақ бұл өнім - біздің отандық өнім. Осы бағытта біз мемлекеттік сатып алуларда және жалпы өндірісте жергілікті қамту үлесін арттыру үшін барлығын жасаймыз", - деп атап өтті Ержанов.
Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардың импорттық қызметтік автомобильдерді сатып алуына тыйым салатын қаулыға қол қойды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024