СҚО. 28 шілде. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында HERMES LTD қаржы пирамидасы жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пирамида ұйымдастырушылары 2019-2022 жылдар аралығында HERMES LTD жобаларына жарна құю арқылы халықтан ақша жинаған. Қаржы пирамидасы қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байыту арқылы жұмыс істеген.
«Қылмыстық іс бойынша үш адам жәбірленуші деп танылды. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңге шығын келген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігінің аталған қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтардан агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарласуын сұрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024