Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы қымбаттады

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 265,3 мың теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда  0,2%-ға қымбат.  Стандартты бір бөлмелі пәтердің құны (35,5 шаршы метр) 9,4 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды  Ranking.kz.

Сарапшылардың пікірінше, салынып жатқан үйлердің бағасы қолданыстағы үйлерге қарағанда орташа есеппен 20% — ға төмен, сәйкесінше, үлестік құрылысқа қатысуға дайын қазақстандықтар үшін "шаршы" бағасы 212,3 мың теңгені, ал бір бөлмелі пәтердің құны 7,5 млн теңгені құрайды.

ҚР тұрғындары тұрғын үй құнын үлестік құрылысқа қатысу  немесе бастапқы жарнаны салып, ипотеканы алу арқылы төмендете алады.

Ипотека қазақстандықтарға тұрғын үй  бағасының 30%-ын төлеген жағдайда беріледі. Яғни, ҚР бойынша бір бөлмелі стандарты пәтерді сатып алу үшін алғашқы жарна орташа есеппен 2,3 млн теңге болады.

 

Похожие материалы