Астана. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Сауда комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында тауық жұмыртқасына белгіленген баға 15 пайыздық үстемеден артық қосып сатылғаны анықтады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, «Курочка ряба» ЖШС көтерме сатушысы қазан-қараша айларында екі құс фабрикасынан 25 млн данадан астам бірінші санатттағы жұмыртқа сатып алған, оның 6 млн-ы 25-тен 27%-ға дейінгі сауда үстемесімен сатылған болып шықты. Өңірлерде анықталған фактілер бойынша барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге берілді.
«Біз бизнестен мүмкін емес нәрсені талап етпейміз, пайда таппай жұмыс істеуге болмайтынын түсінеміз. Десек те, заңнама аясында жұмыс істеу керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырмау керек. Әкімдіктердің назарын сауда үстемесін бұзу тәжірибесін тоқтату қажеттігіне аударамын», – деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024