Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Қаржы министрлігі 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді жариялады.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті, ал жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді.
Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ға, өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ға, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10%, автокөлік өндірісі 33%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға, көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4%-ға өсті, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6%-ды құрады.
Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт — 11,1%-ға, импорт — 0,3%-ға, ішкі сауданың көлемі 7,2%-ға өсті.
Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.
Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024