Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 3,8% өсті

Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 3,8% өсті

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Қаржы министрлігі 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді жариялады.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті, ал жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ға, өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ға, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10%, автокөлік өндірісі 33%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға, көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4%-ға өсті, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6%-ды құрады.

Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт  11,1%-ға, импорт  0,3%-ға, ішкі сауданың көлемі 7,2%-ға өсті.

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.

Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.

Похожие материалы