Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қалады

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қалады

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бүгінгі таңда жедел медициналық көмекті шақыру қызметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылдан бастап аталған қызмет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің базалық пакетіне кіреді. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел жәрдем қызметі мен саниатрлық авиация, әлеуметтік мәні бар және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық егу жұмыстары жатады.

Айта кетейік, 11 мамырда WhatsAрр әлеуметтік желісінде жедел медициналық көмек қызметін жылына төрт рет қана тегін пайдалану туралы, одан кейінгі қызмет ақылы болатыны және мұндай заң 2016 жылдың 20 маусымында өз күшіне енетіні жайлы ақпарат тараған болатын.

Похожие материалы