Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Айдан Кәрібжанов

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Айдан Кәрібжанов

Айдан Табониязұлы Кәрібжанов - қазақстандық қаржыгер,  экономист. 1971 жылы 10 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1994 жылы - Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітірген. Мамандығы - шет тілін білетін Халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі маман.

Еңбек жолы:

1992-1996 жылдары - Француздық "Credit Commercial de France" банкінде кеңесші, Қазақстан Республикасындағы "Credit Commercial de France" банкінің өкілі; Ресей Федерациясының Мемлекеттік мүлік комитетінің жекешелендіру жөніндегі қызметкері болып жұмыс істеді.

1995-1997 жылдары - "Глобал Казкоммерц Секьюритиз" ЖАҚ бас директорының орынбасары болды.

1997-2001 жылдары - "Глобал Казкоммерц "Инвестициялық Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары; "Глобал Казкоммерц Секьюритиз" ЖАҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

1998 жылы - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқарушы директоры болды.

2001-2004 жылдары - "Visor Investment Solutions" ЖШС, "Holding жаңа шекаралар" ЖАҚ, "Visor Holding" ЖШС Басқарушы директоры лауазымдарына тағайындалды.

2004-2005 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ басқарушы директоры ретінде еңбек еткен.

2005-2007 жылдары - "Visor Holding" ЖШС президенті, Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2008 жылы - "Самұрық Инвест"ЖШС Бас директорының міндетін атқарды.

2008-2009 жылдары- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ Басқарушы директоры қызметіне тағайындалған.

2009-2010 жылдары - "Самұрық - Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі луазымында жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болған.

2012 жылдан бастап - "VISOR Holding" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

Басқа да қызметтері:

1998-2001 - "Қазақтелеком" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2002-2004 жылдары - "Қазақстан Халық жинақ банкі" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретінде тіркелді.

2002-2003 жылдары - "Темірбанк" ААҚ директорлар кеңесінің мүшелері қатарына кірді.

2004 жылы - "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды.

2004 жылы - "Compass" Инвестициялық портфельді басқару компаниясы" АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2008 жылдан қазірге дейін - "Аспандау" ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2008 жылдың желтоқсанынан бастап - "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС Бақылау кеңесін басқарды.

2009 жылы - "Біріккен химиялық компания" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2009 жылы - "БТА Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

"Қазпошта" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдрында еңбек етті.

2009 жылдың қыркүйек айында - "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

2010-2011 жылдары - "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

Отбасы:

Әйелі - Кәрібжанова Мақпал Қанапияқызы. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Айдан Кәрібжанов пен әйелінің ажырасу процессі жүріп жатыр.

Балалары: қыздары - Ясмин (1998 жылы туған), Иман-Аймек (2001 жылы туған); ұлы - Жан (1994 жылы дүниеге келген).

Активтері:

Айдан Кәрібжанов - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі. Ол - "Visor Holding" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы және мажоритарлық акционері. ІТ-қызметтерді ұсынатын іQ-Solutions және iQS Engineering компанияларында, сондай-ақ Шоқпар, Софиев және Арқалық жел электр станцияларында үлестері бар. Электр станцияларын бизнесмен 2018 жылы сатып алды.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 25 сатыға орналасты. Өткен жылы кәсіпкердің жағдайы 254 млн долларды құраған. Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің қатарына кіреді.

Дереккөздер: ru.wikipedia.orgforbes.kzonline.zakon.kz

Похожие материалы