Білімі:
Алматыда жалпы білім алған. Алматы халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолы:
1985 жылы - Қазақ АКСР ішкі істер министрлігінде экономист болып жұмыс істеді. 1987 - 1991 жылдары - "Караван" газетінің коммерциялық департаментінің жобасын басқарды. 1991 жылы - "Астана-Фуд" компаниясын құрды. 1993 жылы - "Прима Дистрибьюшн" компаниясының акционері болды. 1995 жылы - "Tea House" Қазақстан-үнді бірлескен компаниясы акционерлерінің қатарына енді. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін - "Магнум" ЖШС компаниясының бас директоры және акционерлерінің бірі болып қызмет атқарады.Марапаттары:
2001 жылы - "Қаржылық менеджмент" бағдарламасы бойынша Andersen Center for Professional Education (АҚШ) сертификатын алды.Отбасы:
Үйленген. Екі баласы бар.Активтері:
Александр Гарбер - Қазақстандағы ең ірі Magnum Cash&Carry сауда-бөлшек сауда желісінің негізін қалаушы, тең иесі және бас директоры. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында дистрибуцияны ұйымдастырумен және дамытумен айналысатын "Прима Дистрибьюшн" ЖШС-де, Қазақстан аумағында шай өндіретін Қазақстан-үнді бірлескен компаниясы "Tea House" ЖШС-де үлестерге ие. Сондай-ақ, кәсіпкер - "Magnum Agro" ЖШС, "Прима Бренд" ЖШС, "Прима-Балмұздақ" ЖШС, "Прима Аутлет Групп" ЖШС және "Martin Cotton" ЖШС-нің ортақ иеленушісі. Бизнесмен Алматы мәслихатының депутаты, Қазақстан ретейлерлер Одағының басшысы қызметтерінде еңбек етеді.Дереккөз: forbes.kz, kk.nurotan.kz, kapital.kz