Білімі:
1985 жылы - Алматы қаласындағы Энергетика институтының Электр станциялары мамандығын аяқтаған. 2000 жылы - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын тәмамдаған.Еңбек жолы:
1992 – 1995 жылдары – «Технопром» ҰҚП директордың коммерция жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1995 – 1997 жылдары– «Назар» АҚ вице-президенті болып сайланды. 1997 – 2001 жылдары– «АЕК Инжиниринг» ЖШС, директордың орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2001 – 2008 жылдары – «TSC Group Corporation» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2008 жылы – «ZHERSU» ИӨК" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы болып қызмет етті.Қоғамдық қызметтері:
Бауыржан Оспанов 2006 жылы балалар жазушыларын қолдауға арналған "Дарабоз" сыйлығын тағайындаған. Аталмыш сыйлық жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бауыржан Оспанов Қанат Ислам және Жанқош Тұраровқа демеушілік қолдау көрсетеді.Мемлекеттік және халықаралық атақтары:
- ҚР спорт қайраткері
- Алакөл ауданының Құрметті азаматы
- Қазақстан кәсіби бокс федерациясының құрметті президенті
- ҚР ІІМ Академиясының Құрметті профессоры
Отбасы:
Әйелі: Айтжанова Аида Меңдешқызы. 6 баласы бар.Активтері:
Zhersu БАИ Бақылау кеңесінің иесі және төрағасы. Сондай-ақ, бизнесменге "TSC Energy" ЖШС, "Koksu Hydro" ЖШС, "Сайман корпорациясы"ЖШС тиесілі. Алматы облысы бокс федерациясының басшысы. ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының аймақтық даму жөніндегі вице-президенті. Almaty Management University қамқоршылар кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.Дереккөз: kk.wikipedia.org, forbes.kz, juldyz.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024