Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Дәурен Жақсыбек

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Дәурен Жақсыбек
Дәурен Әділбекұлы Жақсыбек - қазақстандық ірі бизнесмен, «Цесна» Корпорациясы, «Голд продукт» секілді ірі компаниялардың акционері. Д. Жақсыбек 1978 жылы 30 маусымда дүниеге келген. Әкесі - белгілі мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбеков.  Қазіргі кезде ол «Цесна» Корпорациясы» АҚ-ның 36,75% иегері, «Голд продукт" АҚ ірі акционері. Сондай-ақ, «Унитрейд» ЖШС-де, «Азия Авто» АҚ-да 9,99%, «Тахмид Air» АҚ-да 30% үлесі бар.  Олардан бөлек «Капитал секьюритиз» ЖШС, Австрияда тіркелген DZ FO Office Verwaltung, Gobland, Tides Immobilienverwaltung компанияларына және БАӘ-де тіркелген DAZ FZE компаниясына иелік етеді. [su_quote]Forbes-тің «Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері - 2018» рейтингінде 11 орында, «Қазақстанның ең бай бизнесмендері - 2018» рейтингінде 7 орында тұр. 2018 жылғы мамырдағы ақпаратқа сәйкес, қаржылық жағдайы 700 млн долларға бағаланып отыр.[/su_quote] АҚШ-та American University-де «Халықаралық қаржы және маркетинг» макрокоманды бойынша (2000 ж.), New York University-де «Кредит анализі» мамандығы бойынша (2002 ж.) білім алған. Еңбек жолы: Еңбек жолын Нью-Йоркте RZB Finance LLC компаниясында жобалық қаржыландыру бөлімінің кредит офицері болып бастады (2000-2003 жж.). 2003-2005 жылдар аралығында Австрияда Raiffeisen Zentralbank (RZB) AG компаниясының сауда қаржыландыру бөлімінің менеджері болды. Қазақстандағы карьерасын 2005 жылдан бастап Астана қаласында  «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде бастады. Кейін  «Цеснабанктің» Басқарма төрағасы (2006-2015 жж.), Директорлар кеңесінің төрағасы (2016-2018 жж.) қызметтерін атқарды. 2017-2018 жылдары «Банк Центр Кредит» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Қоғамдық қызметі:  Дәурен Әділбекұлы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі, «Аналар үйі» қайырымдылық жобасының, IQanat білім жобасының қатысушысы. 2016 жылы ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

Дереккөздер: online.zakon.kzforbes.kz

Похожие материалы