Сержан Жұмашов Сеитұлы - Талдықорған облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылында 1965 жылы дүниеге келген.
Білімі:
Алматы Нархоз институтының (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бухгалтерлік есеп және экономика факультетінде "ревизия және бақылау" мамандығы бойынша оқыды.
Екінші курстан бастап Сержан әскерге шақырылды, ол Алтай өлкесінің Рубцовск қаласында жарты жыл кіші әуемамандарын дайындайтын курстан өтті.
1989 жылы - институтты қызыл дипломмен бітірген.
Еңбек жолы:
Әскери курс аяқталғаннан кейін Сержанды Мәскеу түбіндегі Ступиноға авиациялық бөлімге қызмет етуге жіберді. Ол тікұшақтарға қызмет көрсетумен айналысты.
Қаржы министрлігінде бақылаушы-ревизор лауазымында 2 жыл жұмыс істеген.
Кәсіпкерлігі:
1993 жылы - төрт дос – Сержан Жұмашов, ағасы Мұқан мен Мұхтар Аухадиевтер және қазір танымал режиссер Ермек Тұрсынов-жылжымайтын мүлікпен айналыса бастады. Олар Алматы қаласының орталығында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон әскери тұтқындары салған ескі көп пәтерлі екі қабатты үйлерді сатып алып, қайта жасап, кеңселерге сатқан.
1995 жылы олардың командасы Нидерланды елшілігіне 250 мың долларға кеңсе ғимаратын сатты.
1995 жылы - Сержан Жұмашов NCH (New Century Holding) американдық қорына шыға алды, қор нарықтары мен жылжымайтын мүлікке инвестиция салды. "Capital Real Estate" бірлескен компаниясын құрған.
NCH-пен алғашқы бірлескен жоба Ленин – Виноградовта (қазіргі Достық – Қарасай батыр) салынған кеңселік ғимарат болды. Кейін Фурманов(қазіргі Н. Назарбаев) көнесіндегі үш үйді қайта жөндейді.
Жұмашовтың NCH-пен ынтымақтастығы 2001 жылы сәтті аяқталды.
2001 жылы Сержанда жаңа серіктес – Бурак Оймен пайда болды, ол Алматыға коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы халықаралық консалтингтік Colliers компаниясының кеңсесін басқаруға келді. Екеуі бірігіп "Capital Partners" компаниясын құрды. Жаңа компанияның алғашқы жобасы Мәскеу қаласындағы Samsung-орталығын сатып алудан басталды.
Мәскеудегі Capital Partners-тің тағы бір маңызды жобасы Тверь көшесінде The Ritz-Carlton Moscow қонақ үйінің құрылысы болды.
2007 жылы - Capital Partners екі ірі нысанды – Алматыда Esentai Park және Мәскеуде "Метрополитолис" салды. Кейін бұл ғимараттарды сатылымға шығарды.
2008 жылы компания Haileybury Almaty ағылшын мектебінің құрылысын аяқтады.
Қазіргі таңда Capital Partners компаниясы L Real Estate (LVMH тобының инвестициялық бөлімшесі) шақыруы бойынша Абу-Дабидегі ірі девелоперлік жобаны дамыту жөніндегі халықаралық консорциумға қатысып жатыр. The District деп аталатын көпфункционалды кешеннің құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарланған.
Компанияның тағы бір жобасы - Түркияның Бодрум ауданындағы Капланкая курортының құрылысы.
Capital Partners Шымбұлақ тау шаңғысы курортын иеленеді және басқарады. Сондай-ақ, компания - Көк-Жайлау жыл бойы курортын дамытудың бастамашысы.
Активтері:
Сержан Жұмашов - Capital Partners девелоперлік компаниясының мажоритарлық иесі (40% түрік кәсіпкері Бурак Ойменде). Esentai Mall СОО, Esentai Tower БО, "CP Hospital Development" ЖШС, Kokzhailau Resort Investmen, "Ренессанс Атырау" және "Ренессанс Ақтау" қонақ үйлерінде, Cinema Management, T Investments,
French Bakery наубайхана және мейрамханалар желісіндегі үлестерге ие.
Бизнесмен - Forbes Kazakhstan жеке мектептерінің рейтингінде үнемі бірінші орынды иемденген Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептерінің, Алакөл ауданының білім беру қорының негізін қалаушы, IQanat білім беру жобасының мүшесі.
Forbes сайтының мәліметіне сәйкес, 2018 жылғы қорытынды бойынша Сержан Жұмашовтың жағдайы – $200 млн.
Отбасы:
Әкесі - Сеит Жұмашов.
Анасы - Зүбайра Жұмашова.
Дереккөз: forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024