Білімі
1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген. Бұл институт 1992 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы болып қайта құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Германия, Швейцария, Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтті. Техника ғылымдарының кандидаты. 1998 жылы АҚШ-та бизнес және әкімшілік басқару бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін алды.Еңбек жолы
1982-1987 жылдары "Алматапромстрой" тресінің тас қалаушы, прораб, аға прорабы болды. 1987-1988 жылдары Ленин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарды. 1988 жылы "Университетстрой" ЖҒК бас инженері болып тағайындалды. 1988-1989 жылдары Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1989-1992 жылдары Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық Даму Қорының бас директорының орынбасары, Атқарушы директоры қызметін атқарды. 1992-1995 жылдары "Қазақстан-Самсунг" БК басқарма төрағасы болды. 1995-1997 жылдары "Жезказганцветмет" ААҚ басқарушы директоры, Президенті болып тағайындалды. 2004 жылы "Қазақмыс" Корпорациясы" ААҚ президенті, Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 1997-2013 жылдары "Каzakhmys Plc" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалды. 2013 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, бірақ атқарушы емес директор ретінде KAZ Minerals PLC Директорлар кеңесіне мүшелігін сақтап қалды. Компанияның қайта құрылуы аяқталғаннан соң да негізгі акционер болып қалды. 2014 жылдан бастап "Kazakhmys Holding" ЖШС президенті болып қызмет атқарады.Басқа да қызметтері
2005 жылдың қыркүйек айынан - желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Қарағанды облыстық бөлімшесінің басшысы болды. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.Активтері
Владимир Ким - Лондон биржасында сатылатын KAZ Minerals PLC тау-кен компаниясының президенті және ірі акционері (акциялардың 33,4%, оның 29,66% Cuprum Holding Limited арқылы). KAZ Minerals PLC активтерінің қатарында ТМД-дағы ірі "Бозшакөл" және "Ақтоғай" Мыс жобалары бар. Бизнесменге "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің 70%, "Bank RBK" АҚ-ның мажоритарлық үлесі және "Қазақалтын"АҚ-ның 25% тиесілі.Марапаттары:
- І дәрежелі Барыс ордені
- II дәрежелі Әулие благовер князь Даниил Мәскеу ордені (РПЦ, 2015)
- Құрмет Ордені (2004)
Отбасы
Үйленген, үш баласы бар.Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz, ru.wikipedia.org
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024