Астана. 1 қараша. 7kun.kz – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасының соңғы күндері не себпті нашарлап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, 29 қыркүйекте мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстанның инфрақұрылымына жаппай шабуылдар тіркелгенін хабарлады.
«Оның неліктен және қайдан болғанын анықтау, инфрақұрылымдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында белгілі жұмыстар жүргізілуде. Бұл әрекетті орындау кезінде кейбір мәселелер туындауы мүмкін. Біздің басты міндетіміз – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғау. Сондықтан мұның алдын алу үшін біз ақпараттық қауіпсіздік деңгейімізді арттыруымыз керек. Бұл жұмыстар деңгейді көтеру үшін зерттелед», – деді министр.
Сондай-ақ Мусин кейбір БАҚ сайттарына да кибершабуыл жасалғанын атап өтті.
«Жалпы интернет істейді, ол мүлдем жоқ деп айтуға болмайды», – деді ол.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қазнетке DDoS шабуылы жасалды. Содан кейін «ГТС» АҚ ауқымды кибершабуылдар байланыс операторларының магистральдық арналарына жүктеменің артуына әкелетінін хабарлады.