Қазақстандағы радиофобия. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға сенуге бола ма?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұялы байланыс антенналары зиянды сәуле шығарады, короновирус таратады, адамдардың миын айналдырады және адамдарға жаппай чип салып, сол арқылы халықты әлем үкіметіне бағындыруда деген ақпарат көп. Осы мақалада біз осы теориялардың қайдан шыққанын және байланыс технологиялары нені білдіретінін қарастырып көреміз.
Байланыс антенналарынан тарайтын сәуле ауруға алып келеді
Жаңа технологиялар әртүрлі ауру әкеледі деген хабарламалар көп кездеседі.
❌Фейк. Авторлар мынадай дәйек келтіреді: 5G желісі жұмыс істейтін желінің 60 ГЦ жиілік диапазоны ағзамен резонанс тудырады және қандағы оттегі молекулалары күйінің өзгеруіне әрі иммундық жүйенің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Олардың айтуынша, осыған байланысты оттегі қандағы гемоглобинмен байланыса алмайды, бұл оттегі тапшылығын тудырады. Сондай-ақ, идеяны жақтаушылар байланыс бүкіл ағзаның әлсіреуіне әсер етеді және әртүрлі аурулардың инфекциядан онкологияға дейін көбейуіне алып келеді.
Аңыздың шығу тарихы. 1918 жылы шошқа тұмауы тарап кетті – сол кезде конспирологтар оны радионың шығуымен байланстырды. 2003 жылы SARS-тың таралуын 3G желісінің енгізілуімен түсіндірді, ал 2009 жылы шошқа тұмауының таралуын 4G желісінің енгізілуімен байланыстырды. 5G желісі шыға салысымен – аңыз қайта жарыққа шықты.
✅Шындық. Аңыздар шыққан 100 жылдан астам уақытта бірде бір рет байланыс технологиялары мен ауру арасындағы байланыс ғылыми тұрғыда дәлелденбеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) байланыстың жұмыс қағидаты мен оның адам ағзасына әсері толық жазылған бюллетень шығарды. Әдетте мобильді байланысқа қазір бос тұрған жиіліктерді береді. Жиіліктің артуы әрекет ететін радиусына байланысты. Жиілік жоғары болған сайын, толқынның ұзындығы қысқа және таралу көзінен алыстаған сайын, ол тез әлсірейді. Байланыс антеннасынан тарайтын сәуле қысқа толқынды пештің, телефонның немесе радиостанцияның тарататын сәулесінен аспайды, оны ДДСҰ деректері де растайды.
Коронавирустың таралуы
2020 жылы мобильді байланыс мұнаралары COVID-19 коронавирус инфекциясын таратады деген қауесет тарала бастады.
❌Фейк. Байланыстың жаңа мұнаралары, әсіресе 5G, коронавирус инфекциясының таралуына әсер етеді. Негізгі дәйек – вирус 5G байланыс желісінің жиіліктерімен таралады. Мұнара орнатылған жерде вирус бірден пайда болады. Осының бәрі, теория жақтаушыларының айтуынша, халық арасында науқастар санының артуына алып келеді.
Аңыздың шығу тарихы. Жаңа вирустың шығуы бесінші буын желісінің енгізілуімен сәйкес келді. Бір нұсқа бойынша, дүрбелеңнің жаппай көріністері алғаш рет 2020 жылы көктемде Ұлыбританияда басталды. Сол кезде елде қастандық теориясы кең таралды, тіпті бірнеше танымал адам коронавирус пен 5G желісінің байланысын растайтын жазбаны әлеуметтік желіде тарата бастады. Осының бәрі кейбір елді мекен тұрғындарының байланыс станцияларын бұзуға тырысуына алып келді, тіпті станцияларды өртегендер де болды.
✅Шындық. ДДСҰ деректеріне сүйенсек, вирус радиосигналдармен немесе мобильді байланыс толқындарымен таралмайды. COVID-19 індеті көптеген елде, тіпті 5G түгілі, 4G мен 3G тартылмаған елдерде де таралуда. COVID-19 ауа арқылы таралады, яғни сау адамның тыныс жолына науқастың тыныс жолынан шыққан тамшылар түскенде жұғады, мысалы, жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде. Сол себепті көптеген елде маска режимі енгізілді. Вирус жатқан жерді ұстап, артынша көзді, ауызды немесе мұрынды ұстағанда да ауруды жұқтырып алуға болады.
Басқару үшін адамдарға чип салады
Әлемдік қарсылық теориясының тағы бір тармағы.
❌Фейк. 5G миға теріс әсер етеді. Бас ауруы, көңілсіздік, жаппай қадағалау үшін басқару – мобильді байланысқа таңылып жатқан сипаттардың аз ғана бөлігі. Кейбір конспирологтордың айтуынша, антенналар мен жерсерік желілері арқылы адамдарға құпия түрде чип салуда. Олардың пікіріне сүйенсек, осының бәрінің артында Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тұр, ол 5G байланысы арқылы Жер бетіндегі бүкіл адамға электронды чип салуды жоспарлап отыр-мыс. Осының бәрі адамдарды басқару үшін және халық санын азайту үшін. Адамдарға чип салынған соң, 5G қосылады да, сол арқылы бізді америкалық суперкомпьютер «Жыртқыш» басқарады.
Аңыздың тарихы. Вакцинация арқылы чиптеу және кейіннен қадағалау идеясы коронавирус індеті басталған соң пайда болды. Бүкіл әлемде ауру Билл Гейтстің кесірінен пайда болып, таралуда деген идеяны жақтайтын жандар бар, осының бәрі Билл Гейтстің қоры медицина саласындағы зерттеулерді қаржыландыратындықтан.
✅Шындық. Вакцинацияда шын мәнінде «чиптеу» қағидаты бар, бірақ адамдарға ешқандай чип салынбайды. Вакцинаның мәні – ағза вируспен күресуі үшін және нақты қауіпке қарсы тұруға дайын болуы үшін, адамға вирустың зиянсыз «үлесін» салу. Ол туралы білікті дәрігер «РИА Новости» ресурсында айтқан болатын.
Вакцинациядан соң адамдарды 5G арқылы басқару және қадағалау мүмкін емес.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда байланыс мұнараларының қауіпсіздігі кәсіби мамандар әзірлейтін қатаң нормалар мен стандарттармен реттеледі. Елімізде ұялы байланыс желісінің элементтері үшін электромагнитті сәуле тарату нормалары 10 мкВт/см2 құрайды, Скандинавия елдерінде бұл норма — 100 мкВт/см2, АҚШ — та-200 мкВт / см2, яғни біздің нормативтеріміз 10-20 есе қатаң.
Жаңа дүниеден қорқу – қалыпты жағдай, бірақ мағынасыз. Жаңа технологиялар өмірімізге бәрібір енеді, «қауіпті» автомобильдер немесе ұшақтар енген сияқты. Тәжірибе көрсеткендей, адамдар біртіндеп оларға үйреніп кетеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024