Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық банктердің таза пайдасы 560 млрд теңгеден асты

Қазақстандық банктердің таза пайдасы 560 млрд теңгеден асты

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1 қарашада 24 538,0 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 50,4%, бағалы қағаздар портфеліне – 19,4%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 13,7% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 089,5 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,17%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 1 831,5 млрд теңге немесе несие портфелінің 13,7%-ы (2018 жылдың басында – 2 126,4 млрд теңге немесе 15,6%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 21 588,2 млрд теңгені (жылдың басынан бастап ұлғаю 2,2%-ды) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,8%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 6,8%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 3,7%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2018 жылдың басымен салыстырғанда 5,56%-дан 5,95%-ға дейін (1 227,6 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2018 жылғы қаңтар-қазанда 2,6%-ға азайып, 2 949,8 млрд теңге болды.

Таза пайда (ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асып кетуі) 566,5 млрд теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше 5,11% және 4,01% болды.

Похожие материалы