Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық бизнесмендер үш тілде білім беруді қолдап, үндеу жолдады

Қазақстандық бизнесмендер үш тілде білім беруді қолдап, үндеу жолдады

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz –Бүгін, бір топ белгілі кәсіпкерлер әлеуметтік желіде ата-аналар мен ұстаздарға, қоғам мүшелеріне үндеу жолдады. Бизнес өкілдері  үш тілде білім беруді барынша қолдайтынын айтқан.

«Біз, жауапкершілігі бар қазақстандық бизнес өкілдері ретінде мектептердегі үштілді білім беруді қолдайтынымызды мәлімдейміз. Қазіргі кезде Қазақстанда 1 млннан астам оқушы үш тілде білім алады, келесі жылы олар 4 сыныпқа барады. Бұл балалардың жетістігін бәріміз көріп отырмыз, тамаша жетістіктерге жетуде» деп жазылған үндеуде. Кәсіпкерлердің пікірінше білім саласындағы жаңа өзгерістер жаңа адам капиталының қалыптасуына ықпал етеді. «Бағдарламаның болашағы зор, біздің балаларымыздың болашағы үшін жаалған. Тілді білу – қазақстандық жастардың таным көкжиегін кеңейту. Біз үштілді білім беру үлгісін енгізе отырып, әлемдік жетістіктерді, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдануға мүмкіндік аламыз, бұл заман талабы.  Қазақ мектептерінде оқыған жастар әсіресе ауылда оқыған жастардың ары қарай сапалы білім алуға мүмкіндігі шектеулі. Назарбаев университет, ҚМЭБИ, ҚБТУ, ІТ-универистет сияқты жетекші, ағылшын тілінде білім беретін оқу орындарына түсу кезінде қиындықтар туындайды. Ал орыс мектептерінде оқығандарға қазақ тілін меңгеруде қиындықтар бар. Бұл жерде жаңа қадамдар керек»,- делінген үндеуде. Бизнесмендер мұндай жағдайда бізге қажет  инновациядан бас тарту ақымақтық дейді. Олар қазір жылдам өзгеретін кезеңде өмір сүретіндігімізді алға тартып, инновацияны енгізу басты нәрсе екендігін айтып отыр. «Біз қоғамның бұл өзгеріске күмәнмен қарайтын бөлігіне бізді тыңдауды сұраймыз. Сеніңіздер, болашақтағы қазақстандықтар үшін жаңа әлемде жаңа білім керек. Тіл – мәдениеттің басты көрсеткіші, ұлттық тұтатықтың басты механизмі болуы да мүмкін, ұлттың жеке әлеуметтік құрылым ретінде қалыптасуының құралы. Қазақстанның ерекшелігі сол – халқымыз мемлекеттік-қазақ тілінде және орыс тілінде еркін сөйлейді.  Жаһандану кезінде Қазақстанға тілді жақсы білетін және білімді физиктер, химик, математик, биолог, технолог, инженерлер керек. Жаһандану тек әлемдік талапқа ғана сай болуды емес, жылдам өзгеретін болашаққа да қарауды талап етеді. Бұл үшін әлемде жетекші орынға шыққан ағылшын тілі қажет». Кәсіпкерлердің пікірінше үштілді білім жүйесі әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің ішіне кіруге мүмкіндік береді. Үндеуге BI Group компаниясының акционері және басшысы Айдын Рахимбаев, AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, Line Brew  негізін салушы Анатолий Побияхо, Forbes Kazakhstan шығарушысы Арманжан Байтасов, «Азала Текстиль»  ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы Бауыржан Жамалов, банкир Айгүл Жайлаубекова, «Lancaster Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және құрылтайшысы Берік Қаниев, «АТФ­Банк» АҚ иесі Ғалымжан Есенов, L'Officiel Kazakhstan журналының ба редакторы Гаухар Қапарова, «Цесна»  корпорациясының иесі Дәурен Жақсыбек, Centras Capital  директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов, Ерлан Қожасбай, «Алтын Кыран»  компаниялар тобының бас директоры Исламбек Салжанов, «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев, Turkuaz Machinery директоры Мехмет Кемаль Четинелли, ТОО «Немецкий двор» ЖШС бас директоры, «Беккер и К» иесі Махмуд Шадиев, Phaeton DC директоры Марат Шотбаев, Globalink Logistics Group президенті Сидик Хан, Талгат Ахсамбиев,  Galanz Bottlers директорлар кеңесінің төрағасы Турсен Алагузов қол қойған.      

Похожие материалы