Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 590 млрд теңгеден аса қаржыны заңдастырды

Қазақстандықтар 590 млрд теңгеден аса қаржыны заңдастырды

Сәуір айындағы есеп бойынша, қазақстандықтар 590 млрд теңгеден аса қаржыны заңдастырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Реттеуші ақпаратына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 28 сәуірі аралығындағы заңдастыру науқаны кезінде жалпы құны 590 млрд теңгеден асатын 910 банк шоты ашылған.

Сондай-ақ, Ұлттық банк 2015 жылдың 29 қарашасында Рақымшылық туралы Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін екінші деңгейлі банктердің есепшотына 506 млрд теңге түскенін атап өтті. Ал банк есепшоты арқылы қаржыны заңдасытру қарқынының өсуі заңдастыру тәртібінің оңайлатылумен және қаржыны бес жылға дейін ғана сақтау талабының шегерілуімен байланысты болып отыр.

Айта кетейік, қаржыны заңдастыру науқанына Қазақстанның 30 банкі мен Ұлттық пошта операторы қатысуда.

Заңдастырылған ақша көлемі мен ашық есепшот бойынша Алматы, Астана қаласы және Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары алда тұр.

Похожие материалы