Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар көп несие ала бастады

Қазақстандықтар көп несие ала бастады

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы қарашаның соңында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 863,6 млрд теңгені, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі өзгермей, 7 596,8 млрд теңге болды, ал жеке тұлғалардыкі 5 266,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдаудан өтетін және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 8,1% немесе 942,7 млрд теңге болды.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 977,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 885,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,4%-ға, жеке тұлғаларға – 4,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қарашаның соңында 77,6%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 964,7 млрд тенгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 898,9 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу өзгерген жоқ (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 2 421,9 млрд теңге немесе 18,8%).

Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,9%), сауда (13,5%), құрылыс (6,3%), көлік (4,7%) және ауыл шаруашылығы (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2018 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,1% (19,2%) болды.

Похожие материалы