Қазақстанға 90 тонна жүзімді контрабандалық жолмен әкелмек болғандар ұсталды
Түркістан облысы. 15 тамыз. 7kun.kz – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінде жүзімнің контрабандалық жолмен әкелінуінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 11 тамызында Ахуалдық орталық тағайындаған кедендік жете тексеру кезінде тек 6 көлік құралында 90 тоннадан астам декларацияланбаған «жүзім» тауары анықталды», – делінген хабарламада.
Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша МКД кеден бекеттерінің қызметкерлері жүргізген кедендік жете тексеру нәтижесінде 879 кедендік заңнаманы бұзу фактісі анықталды, декларацияланбаған тауардың жалпы салмағы 823 тоннаны құрады.
Негізінен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатымен ипорттаушылар декларацияда неғұрлым арзан тауарларды мәлімдейді. Анықталған бұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024