Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның халықаралық резервтері құрылымында алтынның қоры 55,6%-ға жетті.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) деректері бойынша, қымбат металдар көлемі 2019 жылдың 1 мамырында 361,7 тоннаны құрады. Жыл басынан бері бұл көлем 345 тоннадан 4,8% -ға өсті. Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервтерінде 55,6%-ға жетеді.
Қазіргі уақытта қымбат металл көлемі бойынша Қазақстан бұрынғысынша 14-ші орында тұр.
Ал, алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігінде АҚШ – 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бар.
Ресей тізімде бесінші орынға (2,1 мың тонна), ал Қытай алтыншы орынға (1,9 мың тонна) ие болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024