Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде шамамен 2%-ға 41,6 млрд доллардан қысқарып, 2019 жылдың 1 шілдесінде 40,8 млрд долларды құрады.
Елдің ішкі қарызы 26,4 млрд долларды, ал сыртқы қарызы – 14,3 млрд долларды құрады.
Бұл ретте Қазақстан мемлекеттік қарыз көлемін азайтқан Еуразиялық экономикалық одақтағы жалғыз ел болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлайды.
Мәселен, Ресейде мемлекеттік қарыз бір жыл ішінде 13,6%-ға 180,5 млрд долларға дейін, Арменияда – шамамен 3%-ға 6,9 млрд долларға дейін, Қырғызстанда – 2,3%-ға 4,5 млрд долларға дейін ұлғайды.
Беларусьте бұл көрсеткіш бір жыл ішінде өзгерген жоқ және 21,1 млрд доллар деңгейінде сақталды.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы ұлттық валютаға шаққанда 2019 жылдың 1 шілдесінде шамамен 15,5 трлн теңгені құрады.
Айта кетейік, Одақтың барлық елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы 253,7 млрд долларға жетті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024