Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір жыл ішінде шамамен 2%-ға 41,6 млрд доллардан қысқарып, 2019 жылдың 1 шілдесінде 40,8 млрд долларды құрады.

Елдің ішкі қарызы 26,4 млрд долларды, ал сыртқы қарызы – 14,3 млрд долларды құрады.

Бұл ретте Қазақстан мемлекеттік қарыз көлемін азайтқан Еуразиялық экономикалық одақтағы жалғыз ел болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлайды.

Мәселен, Ресейде мемлекеттік қарыз бір жыл ішінде 13,6%-ға 180,5 млрд долларға дейін, Арменияда – шамамен 3%-ға 6,9 млрд долларға дейін, Қырғызстанда – 2,3%-ға 4,5 млрд долларға дейін ұлғайды.

Беларусьте бұл көрсеткіш бір жыл ішінде өзгерген жоқ және 21,1 млрд доллар деңгейінде сақталды.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ұлттық валютаға шаққанда 2019 жылдың 1 шілдесінде шамамен 15,5 трлн теңгені құрады.

Айта кетейік, Одақтың барлық елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы 253,7 млрд долларға жетті.

Похожие материалы