Қант бағасы бір жылда бірден 15% - ға өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ағымдағы жылдың ақпанында елдегі дүкендер мен базарларда бір килограмм қант орта есеппен 296 теңгеге сатылған. Бұл бір жыл бұрынғы бағаға қарағанда 14,7%-ға артық.
Түркістан облысының тұрғындары қант бағасының өсуін ең қатты сезінді. Онда баға бірден жылына 29,8%-ға өскен. Антикөшбасшылардың үштігіне Қостанай (23,4%-ға қымбаттаған) және Атырау (21%-ға қымбаттаған) облыстары кіреді. Қант бағасының ең аз өсуі Алматыда(7,2%-ға қымбаттаған) байқалды.
Ірі қалаларының ішінде қанттың ең қымбат құны Атырауда (1 кг - 337 теңге), Нұр-Сұлтанда (319 теңге) және Түркістанда (317 теңге) тіркелді. Ең төменгі баға Тараз (248 теңге), Алматы (273 теңге) және Талдықорған (275 теңге) қалаларында тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік: біздің нарығымызды қанттың үлкен көлемімен қамтамасыз ететін Ресейге қатысты санкциялар туралы ақпараттан кейін ҚР-да зиянды дүрлікпе басталды.
Еске салайық, Қазақстан нарығын қанттың үлкен көлемімен қамтамасыз етіп отырған Ресейге қарсы санкциялардан кейін, елде дүрлігу басталған еді.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі тұрақтандыру қорларының қоймаларындағы қант көлемі кемінде үш айға жетедігін хабарлаған. Ал қант өндірісі мен оның импорты жалғасып, қорлар толықтырылуда.
Ал өндіріске келер болсақ, ресми мәліметтер бойынша биыл қаңтар айында елімізде 17 мың тонна қант өндірілген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 26,7%-ға аз.
2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар қантқа сұранысты 42,1 %-ға қамтамасыз еткен. Бұл бір жыл бұрынғы 25,1 %-ға ғана. Импорттың үлесі тиісінше 74,9%-дан 57,9%-ға дейін төмендеді. Елге 308,5 мың тонна қант әкелінді, жылдық көрсеткіштен 25,8 % аз. Ал ішкі нарықтағы сату көлемі 0,5%-ға өсіп, 530,2 мың тоннаны құраған.
Қазақстан қант нарығының импортқа тәуелділігі құбылмалы: 2012-2021 жылдар аралығында импорттаушылар сұранысты 20%-75%-ға жапты. Импорттың ең көп үлесі 2020 жылы, ең азы – 2016 жылы тіркелген. ҚР-да қант өндірісі және біздің нарықтың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі тұрақсыз, ал импортқа тәуелді сегменттер кез-келген экономиканың "тар нүктесі" болып қала береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024