Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша сыртқы сауда айналымы 3,7%-ға азайды, оның ішінде экспорт 3,3%-ға, импорт 2,8%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экспорттың құрылымында 70%-дан астам үлес минералды өнімдерге тиесілі, олардың экспорты 5,6%-ға төмендеді. Бұл тауар тобының экспортының төмендеуі Италиямен Нидерланд елдерінің сұранысының сәйкесінше 16,8%-ға және 50,6%-ға азаюымен байланысты болды.
Сонымен қатар, машина және жабдықтар (63,7%-ға), былғары шикізаты мен аң терісі (42%-ға), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (10,6%-ға) және құрылыс материалдары (9,2%- ға) экспорты айтарлықтай азайды.
Ал жануарлар мен өсімдік өнімдері (12,1%-ға), химия өнеркәсібінің өнімдері (27,8%- ға), ағаш және орман өнімдері (10,2%-ға), тоқыма бұйымдарына (46,7%-ға) және өзге де тауарлар тобы бойынша (17,4%-ға) өсім байқалды.
Экспорттың негізгі бағыты - ЕО елдері (үлесі 44%), Қытай (үлесі 13,7%), ТМД елдері (үлесі 13,8%). Олардың ішінде кеден одағы елдерінің үлесі - 10,1%.
Бұдан басқа, ағаш және орман өнімдері (33,9%- ға), минералдық өнімдер (28,3%-ға), жануарлар мен өсімдік өнімдері (28,3%-ға), машина және жабдықтары (3,1%-ға) импорты өсті. Сондай-ақ, айтарлықтай өсім аяқ киім, бас киімдер, галантереялық бұйымдарға (54,9%-ға), текстиль бұйымдарына (21,6%-ға), терілерге (15,8%-ға), металлдарға (8%-ға) және құрылыс материалдарына (5,4%-ға) байқалды.
Тауарлардың негізгі импорты кеден одағының елдеріне (үлесі 44%), ЕО елдеріне (үлесі 17,5%) және Қытайға (үлесі 14,8%) тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024