Экономика
Выбор редактора
Қазкоммерцбанк БТА-ның 600 млрд қарапайым акцияларын сатады
Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесі БТА банктің 608,375 млрд қарапайым акциясын акционерлерге сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк сайтында хабарланды.
ҚКБ қабылданған шешімге сәйкес, ҚКБ-ның қарапайым акцияларын алушы акционерлерге акцияларды БТА-ның орналастырылған акцияларының жалпы санындағы олардың жанама қатысу үлесіне үйлесімді түрде
0,00001 теңгеге тең нарықтық құны бойынша сатып алуды ұсынады.
ҚКБ-ға тиесілі акциялардың үлесі БТА банктің қарапайым акцияларын қоспағанда 99,4187%- ді құрайды. Ал БТА-ның қарапайым акциясының саны 608 млрд 374, 602 млн дана.