Qiwi қолданушылары әмияндарына ақша сала алмай қалды. Бұл App Store мен iTunes қызметтерінде қолжетімсіз, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мұндай қолайсыздық "Qiwi әмиян" клиенттеріне қызмет жеткізушісінің шешіміне байланысты туындаған. Олар App Store және iTunes қызметтеріндегі теңгерімдерін уақытша толтыра алмайды.
"РИА Новости" таратқан мәлімет бойынша, компания қолайсыздықтың нақты себебін түсіндірмейді. Qiwi – төлем қызметтерінің ішіндегі ірі ресейлік провайдерлердің бірі. Ол сауда компаниялары мен клиенттер үшін төлемдерді қабылдауға және қолма-қол немесе электрондық аударымдар жасауға мүмкіндік береді. Бұған дейін санкцияларға байланысты ресейліктерге банктік карталардан осы баланстарды толтыру мүмкін болмады. Бірақ Qiwi арқылы сыйлық карталарын сатып алуға, содан кейін олардан Apple шотына қаражат аударуға мүмкін болған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024