Қазақстанның ЖІӨ туралы болжам 2016 жылдың шілде-тамызында қайта қаралуы мүмкін, қазіргі болжам бойынша 0,5%-ды құрайды деп хабарлады ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
"Шілдеде экономика нейтралды деңгейге шығады деп жоспарлап отырмыз. Біз не әлсіз аймаққа шығамыз, не ЖІӨ-нің төмендеуі тоқтатылады. Бүгінде мемлекет басшысы орындауды тапсырған шаралар пакеті экономиканы қолдауға көмектеседі. Әзірге 0,5% деген ресми болжам өзгеріссіз қалады", -деп атап өтті экономика министрі. Оның сөзінше, қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша ЖІӨ төмендеуі 0,2%-ды құрайды. Осыған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке 2016 жылдың жартысында экономикалық өсімді нығайту үшін қосымша 240 млрд теңге бөлу туралы тапсырма берді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ресурс шағын және орта бизнесті қолдауға, несиелендіруге және тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға жұмсалады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024