Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 99,5% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 99,5% құрады», - делінген ведомство хабарламсында.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
Сонымен, ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2604,1 млрд теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,3% азайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,8% артты.
Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,3% төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 285,3 млрд теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,1% артты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024