Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қытай 1 қарашадан бастап 1585 өнімнің импортына баж салығын азайтады. Бұл туралы елдің мемлекеттік кеңесі жанындағы кедендік салықтар жөніндегі комитеті мәлімдеді.
Сырттан әкелінетін тауарлардың бестен бір бөлігіне импорт салығы азаяды. Осылайша тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, керамикалық және шыны бұйымдар, металл, электротехникалық жабдықтар мен шикізат тауарларының тарифі төмендетіледі.
Кедендік салықтар орташа есеппен 10,5-дан 8%-ға дейін азайтылады. Сырттан әкелінетін тауарлардың тарифін біртіндеп төмендету мәселесін биыл Қытай төрағасы Си Цзиньпин Боаода өткен Азиялық форумда айтқан болатын. Бастама елдің реформалар мен ашықтық саясатының жаңа сатысына көшкенін білдіреді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024