Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР БҒМ технологияларды коммерциялау жобасының 608,5 млн. теңге қаражатын машиналар мен ғимарат сатып алуға жұмсаған

ҚР БҒМ технологияларды коммерциялау жобасының 608,5 млн. теңге қаражатын машиналар мен ғимарат сатып алуға жұмсаған
Білім және ғылым министрлігі технологияларды коммерциялау жобасын іске асыруға арналған халықаралық қарыз қаражатына жеке мүдделері үшін жалпы сомасы 608,5 млн. теңгеге көлік құралдары мен әкімшілік ғимарат сатып алған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Сондай-ақ, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктерінің жалпы сомасы 42,4 млрд. астам теңгені құрайтын ғылыми зерттеулер өткізудің бюджеттік өтініміндегі есептің толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмегені атап өтіледі.

Бақылау қамтыған 54,7 млрд. теңге бюджеттік қаражаттың 51,3 млрд. теңгесінің (немесе 93,8 пайызы) бюджеттік және өзге заңнамасы бұзылған, 794,6 млн. теңге тиімсіз пайдаланған. Бақылау барысында республикалық бюджет кірісіне 7,8 млн. теңге өтелді, деп атап өтілді Есеп комитетінің кезекті отырысында. Отырыс қорытындылары бойынша білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктеріне анықталған кемшіліктерді, оларға апаратын себептер мен жағдайларды жою, қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарына жол берген қызметтік тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдану сынды бірқатар тапсырмалар берілді. Бақылаудың жекелеген материалдары құқық қорғау органдарына жіберіледі. www.inform.kz

Похожие материалы