Қазақстан мен Түркия құны 3,4 млрд доллар болатын 35 ортақ жобаны іске асырып жатыр. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп хабарлайды КазТАГ.
"Дәл қазір біздің еліміз бен Түркия құны 3,4 млрд доллардан асатын 35 инвестициялық жобалары жүзеге асырып жатыр. Солардың ішінде 500 және 600 млн доллар тұратын Жаңатас, Шолпар жел электрстанциялары мен хром кенін байытуға арналған Ақтөбе облысындағы кешенінің құрылыстары бар. Және 200 млн долларды қажет ететін алкогольсіз сусындар зауыты салынады", - деп атап өтті ол.
Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан "әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан болашаққа орасан зор жоспарлар құруда".
"Менің білуімше, бүгінгі форумда ортақ серіктестік туралы 17 меморандумға қол қойылды. Барлығының құны 1,3 млрд долларды құрайды. Сондай-ақ фармацевтика мен құрылыс материалдары саласында келіссөздер жүргізілуде. Бүгінде қазақ-түрік индустриалды аймағын құру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Н.Назарбаев.
"Мен жеке өзім Алматы облысында болып, қазақ-түрік индустриалды аймағының шаруасымен таныстым. Біз еркін аймақ құрып жатырмыз. Ол жерде құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, былғарыдан жасалған өнімдер және тұрмыстық химия өнімдерінің құрылысы жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Бізге экономикалық және инвестициялық серіктестікті жалғастыра беру қажет", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024